Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда полицейлер "Жыл блогері" марапаттау рәсімін тоқтатты

Опубликовано:

Жыл блогері1
Видеодан кадр: Атырау облысы ПД

10 ақпанда полицейлер Атыраудағы мейрамханалардың бірінде өтіп жатқан "Жыл блогері" марапаттау рәсімін тоқтатқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 ақпанда кешке қарай құрамына полицейлер мен Атырау әкімдігінің қызметкерлері кірген мониторингтік топ Баймұханов көшесінде орналасқан "Сұлтан холл" мейрамханасында жүз шақты адамның қатысуымен іс-шара өтіп жатқанын анықтаған.

Белгілі болғандай мейрамханада 100 шақты адамның қатысуымен "Жыл блогері" марапаттау рәсімі өтіп жатқан. Ал бұл өз кезегінде санитарлық ережелерді бұзу болып табылады.

Іс-шара тоқтатылған. Ал салтанатты кешке жиналғандар тарауға мәжбүр болған.

Жиналған материалдар шешім қабылдау үшін санитарлық дәрігерлерге жолданатын болады.

Бұл ғимараттың бұған дейін де карантин режимін бұзғаны анықталды.

Полиция департаменті облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, өңірде бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынғанын атап өтті. Құзырлы орган оы бағытта жұмыс жалғасатынын айтты.

Карантин
Видеодан кадр: Атырау облысы ПД

Еске сала кетсек, бұған дейін танымал блогер Әлия Байтуғаеваның туған күнін тойлау кезінде түсірілген видео Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің назарына іліккен еді.

Желідегі кадрларға қарағанда "Супер мамаситаның" қуанышына бірнеше қонақ ортақтасқан.

Сонымен бірге 6 ақпанда Шымкентте полиция қызметкерлері "Мұса" мейрамханасында той өтіп жатқанын анықтаған болатын. Салтанатты кешке 200-ге жуық қонақ келген.

Тәртіп сақшылары мерекелік іс-шараны тоқтатып, іс материалдарын санитарлық дәрігерлерге жолдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898521-atyrauda-policeiler-zyl-blogeri-marapattau-rasimin-toqtatty/

pixel