Шымкентте тойға келген 200 қонақты полиция қайтарып жіберді
Опубликовано:

Шымкентте полиция қызметкерлері мейрамханада өтіп жатқан 200 адамдық тойды тоқтатты деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының Полиция департаменті қала аумағында орналасқан барлық әлеуметтік нысандардың карантин талаптарын сақтауын бақылау және басқа да құқық бұзушылық деректерінің жолын кесу бойынша рейдтік шараларды жүйелі түрде өткізіп отырады.
Мысалы, 2021 жылдың 6 ақпанында Абай ауданы ПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық іс-шара өткізу барысында “Мұса” тойханасында той өткізіліп жатқанын анықтаған.
Полицейлер мерекелік іс-шараны тоқтатып, тойға келген 200-ге жуық адамды үйіне қайтарды.
Тойхана иесін карантин режимін өрескел бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) сәйкес жинақталған материалдар Абай ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
Тәртіп сақшылары карантин талаптарын бұзудың кез-келген жайты әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтыратынын ескертеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897595-symkentte-toiga-kelgen-200-qonaqty-policiya-qaitaryp-ziberdi/