Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шариғаттан аттамадым": Шымкентте құлпытастағы бейнелерді өшірген адамның кім екені анықталды

Опубликовано:

зират14
Көрнекі фото: pixabay.com

Осыған дейін Шымкент қаласының тұрғыны белгісіз біреулердің мұсылман зиратындағы қабірлерді қорлағанын айтып, шағымданған еді. Ол әлдекімдердің құлпытасқа салынған суреттерді өшіріп, қоршауларды бұзғанын айтқан болатын. КТК арнасының хабарлауынша, мазарларды бүлдірді деген адам осы зираттың шырақшысы болып шыққан.

37 жылдан бері айналадағы бірнеше қорымға қарайлап жүрген шырақшы Юлдаш Расулметовтың айтуынша, "Өлгендердің тасына сурет салып, қоршау салған дұрыс емес".

"Мұндай нәрсе аруақтарды қинайды" деген ақсақал мен оның жамағаты көктасты қашау үшін арнайы аппаратпен жұмыс істеген деп хабарлайды телеарна.

"Сурет пен ит бар жерге періште келмейді. Мұндайда аруаққа қанша құран бағыштап, құдайы ас берсең де, сауабы болмайды. Сондықтан біз түсінген адамға жақсылық жасап жатырмыз. Бұл уағызда айтылады. Біз имамдармен кеңесіп, көпшілікпен ақылдасып, осылай шештік", - дейді шырақшы Юлдаш Расулметов.

Шырақшы құлыптастардағы бейнелерді өшірумен былтырдан бастап айналыса бастаған.

Тіпті жақынын жерлеуге келгендерге де "бейнесі жоқ белгі қойыңдар" деп үгіттейтін көрінеді.

"Шариғаттан аттамадым" деген шырақшы енді осы әрекеті үшін жауап бермек. Полиция "өлген адамдардың мәйіттерін және олар жерленген жерді қорлау" бабымен қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Дереккөз КТК арнасы

Айта кетейік, бақилық болған туған-туысына жақындарымен құран бағыштауға зират басына келген Нүрия Ғабдулина олардың мазарын көріп, есінен тана жаздағанын айтқан еді. Осыдан кейін олар полицияға арыз берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898583-sarigattan-attamadym-symkentte-qulpytastagy-suretterdi-osirgen-adamnyn-kim-ekeni-belgili-boldy/

pixel