Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда соттардың бірі карантинге жабылды

Опубликовано:

Сот
Көрнекі фото: lada.kz

Маңғыстау облысында кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты карантинге жабылды деп хабарлайды Lada.kz.

Ақтау қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 10-19 ақпан аралығында кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты уақытша жұмыс істемейді.

Қызметкерлер қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылған. Ал азаматтарға сот ғимаратына кіруге тыйым салынған.

Сот отырыстары онлайн режимде қаралады, ал кейбіреуі тіпті кейінге қалдырылып отыр.

Сот отырыстарына қатысы бар тараптарға процесстің өтетін күні мен уақыты туралы қосымша ақпарат жіберіледі.

Қазіргі уақытта ғимаратта залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр.

"Шектеу шараларының мерзімі мен режимі COVID-19 инфекциясының таралуына қатысты жағдайдың жақсаруына байланысты өзгеруі мүмкін. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", - дейді Маңғыстау облыстық кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Сот ғимаратының карантинге жабылу себебі айтылмады.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 951 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған. Олардың жетеуі Маңғыстау облысынан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облыстық соты 20 қаңтардан 2 ақпанға дейін карантинге жабылған еді.

Соттың жұмыс режимі қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898598-aqtauda-sottardyn-biri-karantinge-zabyldy/

pixel