Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық профессор: Коронавирусқа қарсы вакцина белсіздікке ұшыратпайды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Медицина ғылымдарының докторы, профессор Ләззат Ералиева коронавирус вакцинасының белсіздікке ұшырататыны туралы әңгіменің негізсіз екенін мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Кез келген вакцина қолданысқа енгізілмей тұрып, терең зерттеледі. Мәселен, Спутник V вакцинасы қазақстандық екпе секілді репродуктивті функцияға еш әсер етпейді. Егер QazCovid-in вакцинасы туралы айтар болсақ, жалпы мұндай вакцинаның бәрі де 80 жылдан бері пайдаланылып келеді.

Осылайша, тұмау немесе басқа да ауруларға қарсы вакциналар белгілі бір дәрежеде жыныстық функцияға әсер етуі мүмкін. Бірақ олар да, коронавирусқа қарсы вакцина да белсіздікке ұшыратпайды", - дейді Ләззат Ералиева.

Еске сала кетсек, профессор Ләззат Ералиева ОКҚ өткен онлайн-брифингте адамзатты постковидті пандемия күтіп тұрғанын айтқан еді.

"Адамзатты дәрігерлер коронавирус инфекциясының зардаптарымен бетпе-бет келетін постковидті пандемия күтіп тұр. Оның қандай салдары барын біз қазір білеміз – олар әртүрлі. Неврологиялық өзгерістер, жүрек ақауы жатады. Қазірдің өзінде COVID-19 көп жағдайда қатерлі ісік ауруларының дамуына түрткі болатыны белгілі", - деді Ерәлиева.

Ол коронавируспен ауырып шыққан адамдарда шаршаңқылық, ұйқысыздық, түнде кенеттен үрейлену сияқты неврологиялық өзгерістер байқалатынын атап өтті.

Одан бөлек, Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жетекшісінің орынбасары Әсел Қалықова коронавирус пандемиясы жеті жылға созылады деген ақпаратқа пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898775-otandyq-professor-koronavirusqa-qarsy-vakcina-belsizdikke-usyratpaidy/

pixel