jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Creative Aimaq: Қызылорданың креативті кеңістігі Астана төрінде көрсетілуде

көрме
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

12-13 қыркүйек күндері Астана қаласында Creative Aimaq республикалық жобасы аясында "Тамырдан туындыға…" атты көрме-жәрмеңке өтіп жатыр.

Шараға Мәдениет және ақпарат вице-министрлері Евгений Кочетов, Айбек Сыдықов, Креативті индустрияларды дамыту қорының басқарма төрағасы Ерлан Қаналимов, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет және зиялы қауым мен БАҚ өкілдері, елордалық тұрғындар қатысты.

көрме
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Жоба Сыр өңірінің бай тарихи-мәдени мұрасын заманауи шығармашылықпен сабақтастырып, ұлттық құндылықтарды жаңа форматта танытуға және тың идеяларды жүзеге асыруға арналған.

көрме
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Іс-шараға 100-ге жуық креатор қатысып, 21 экономикалық қызмет бағыты бойынша авторлық туындылары мен шығармашылық өнімдерін көпшілік назарына ұсынуда. Келушілер Сыр бойының басты брендтерінің біріне айналған ақ күріштен салынған бейнелеу өнері туындыларымен таныса алады. Шығармалар күріштің өңір тарихы мен тұрмысындағы маңызын, Сыр елінің табиғаты мен мәдени ерекшелігін танытады.

көрме
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Сонымен қатар көрмеге дәстүрлі қолөнер мәдениетін дәріптейтін сүйек, ағаш және киізден жасалған ұлттық бұйымдар қойылған. Әр бұйымда Сыр бойына тән ұлттық нақыш, дәстүрлі өрнек және табиғи материалдарды өңдеудің өзіндік шеберлігі көрініс тапқан.

Креативті алаңда Qyzylorda Hub мамандары өз жобаларын, Qyzylorda телеарнасы Syr Travel, Qyzylorda Expedition, "Құдайы қонақ" секілді креативті жобаларын таныстырады.

көрме
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Сонымен қатар екі күн бойы Qazaq Creative Hub алаңында Сыр өңірінің өнерпаздары жасанды интеллект технологияларын шығармашылықпен ұштастырған концерттік бағдарламасын көпшілік назарына ұсынады.

Айта кетейік, аймақта креативті индустрияны дамыту бағытында белсенді жұмыс істеп келе жатқан 146 креатордың 120-сы, яғни 82,2 пайызы республикалық креаторлар реестріне енгізілген. Бұл көрсеткіш Қызылорда облысын республика өңірлері арасында алғашқы үштікке орнықтырды.

Creative Aimaq: Қызылорданың креативті кеңістігі Астана төрінде көрсетілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram