Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәтбаевта оқиға: Тағы екі азамат 5 жасар қызды зорлады деген күдік бар

Опубликовано:

Қыз бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Сәтбаев қаласында қаршадай қыз зорланды деп жаппай тәртіпсіздік жасағандар сот алдында жауап бере бастады. Бұзақылық жасады деген айыппен 57 адам жауапкершілікке тартылуда. Ал бес жасар қызды зорлады деген күдікпен тағы екі азамат сұралып жатыр деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Тереу мәліметінше, бес жасар қызды пәтерге 62 жастағы үй иесі кіргізіп алған.

Бейкүнә баланың туыстары мен көршілері оны іздей бастағанда, пәтер иесінің де түк болмағандай солармен бірге жүргені анықталды.

Сөйтсе ол қорғансыз қызға дәрі беріп ұйықтатып тастаған.

Ақыры күдік туғызған пәтерге еріктілер мен полиция қызметкерлері басып кіріп, қызды төсектің астынан ес-түссіз күйінде тапты.

Ал оның қасында қонаққа келген ерлі-зайыптылардың болғаны белгілі болды. Енді сотта осы екеуі жауап беріп жатыр, дейді телеарна тілшісі.

Сонымен қатар қаланың астаң-кестеңін шығарып бұзақылық жасағандардың арасында кәмелетке толмағандар да бар екен. Сол себепті олардың ісін ювиналды сот қарайды.

"Бүгінгі күні аталған іс бойныша 57 күдікті өтіп жатыр. Олардың 44-іне бұлтартпау шарасы, қамауда ұстау шарасы қолданылған. Бесеуі – үйқамақта, үшеуі ата-ананың қарауына берілген, екеуі ешқайда кетпеу жөнінде қолхат және үш адам іздеуде жүрген. Оның біреуі анықталды", -Қарағанды облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Нұрсұлтан Қалдырбай.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, 23 шілде күні түнде Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыз бала жоғалып кетіп, кейін бөтен пәтерден табылды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстаған, алайда жергілікті тұрғындар оны өздеріне беруді талап еткен.

Тас пен таяқтармен қаруланған 60-қа жуық тұрғын полиция ғимаратын басып кіріп, бірнеше көлікті өртеп, қаланың астан - кестенін шығарған болатын.

Ал 24 шілде күні орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтбаев қаласындағы жағдайға байланысты түсініктеме берген болатын.

Ал қазан айында айыпталған күдіктінің мәйіті тергеу изоляторында табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898792-satbaevta-oqiga-tagy-eki-azamat-5-zasar-qyzdy-zorlady-degen-kudik-bar/

pixel