Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус пандемиясының жеті жылға созылатыны рас па: Эпидемиолог пікір білдірді

Опубликовано:

Дәрігерлер
Көрнекі фото: Getty Images

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифинг барысында журналистердің "коронавирус пандемиясы жеті жылға созыла ма" деген сауалына жауап берді деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұған дейін шетелдік басылымдардың бірінде коронавирус пандемиясы тағы жеті жылға созылуы мүмкін екені туралы мақала жарық көрді.

Мақалада мұндай сценарий болмас үшін әлем халқының төрттен үш бөлігіне вакцина салу керек делінген.

Ал Әсел Қалықованың сөзінше, көп елде халықты иммундау басталды, оның ішінде Қазақстан да бар.

Осыған байланысты эпидемиолог пандемия ұзақ уақытқа созылмайтынын жеткізді.

"Эпидемиолог ретінде пандемия тағы жеті жылға созылуы мүмкін деген мәлімдемемен келіспеймін. Себебі, көп елде халықты иммундау жұмыстары басталды. Жаппай вакциналау Қазақстанда да жүргізіліп жатыр. Бұл бір жыл ішінде иммундық қабатты жасайды. Осылайша, бұл індеттің ушығуын тежейді. Коронавирус инфекциясы жойылып, маусымдық вирустық аурулар санатына енеді деп ойлаймыз. Сонымен қатар халықты COVID-19-ға қарсы жыл сайынғы иммундау қажет", - деді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 920 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 200 964-ке жетіп отыр.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрі орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында неліктен коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын емес, отандық вакцинаны салдыратынын түсіндірді.

Оның сөзінше, Қазақстанда вакциналауға жіберілген барлық екпелер тексерілген әрі қауіпсіз болып саналады.

"Өздеріңіз білесіздер, ресейлік "Спутник V" келді, Денсаулық сақтау министрлігі бойынша және өңірлердегі әріптестеріміз, сондай-ақ медициналық қызметкерлер вакцинаны салдырып жатыр. Бұл вакцина тиімді және қауіпсіз саналып отыр", - дейді министр.

Одан бөлек Страсбург университетінің молекулярлық биология және вирусология саласындағы PhD докторы, ғалым Әсел Мұсабекова коронавирусқа қарсы вакцинаның кейбір адамдарға не себепті көмектеспейтінін түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898804-koronavirus-pandemiasyny-zeti-zylga-sozylatyny-ras-pa-epidemiolog-pikir-bildirdi/

pixel