Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында көкпарды тоқтату кезінде белгісіз біреулер қару қолданған

Опубликовано:

Ұсталғандар
Фото: Түркістан облысы ПД

Қазығұрт АПБ-ның кезекші бөліміне учаскелік инспекторлардан бос жайылымдардың бірінде болған кезекті "көкпарды" тоқтату кезінде белгісіз тұлғалардың тарапынан қару қолдану арқылы бұзақылық жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Полиция күдіктілерді ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған жайтты Қазығұрт АПБ-ның полицейлері Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі "бұзақылық" бойынша СДТБТ-ға тіркеп, жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті.

Жедел жүргізілген арнайы операция нәтижесінде Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Түркістан облысы ҰҚКД және Ұлттық ұланның "Бүркіт" арнайы жасағымен бірлесіп, Қазығұрт кенті көшелерінің бірінде "ВАЗ" маркалы автокөлікті тоқтатып, 4 күдіктіні ұстады. Ұсталған Қазығұрт ауданының төрт бірдей тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді.

Күдіктілер
Фото: Түркістан облысы ПД

Күдіктілерді тінту кезінде полицейлер сөмкені тауып алып, одан заттай дәлел ретінде 16 калибрлі шолақ мылтық пен оқ-дәрілерді тәркіледі.

Жедел уәкілдер күдіктілердің үйін одан әрі тінту кезінде қосымша 16 калибрлі аңшылық мылтық пен екі травматикалық тапаншаны тапты.

Полицейлер
Фото: Түркістан облысы ПД

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бап "Бұзақылық" және 287-бап "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жастар қамауға алынды. Полиция қызметкерлері күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп, қарудың қайдан алынғанын анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898970-trkistan-oblysynda-kkpardy-toktatu-kezinde-belgisiz-bireuler-karu-koldangan/

pixel