Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа қызметке тағайындалған Ринат Зайытов жалақысы қанша екенін айтты

Опубликовано:

Ринат Зайытов
Фото: instagram.com

Жақында лауазымды қызметке тағайындалған айтыскер ақын Ринат Зайытов журналист Нартай Аралбайұлының Youtube арнасына сұқбат беріп, жаңа қызметіне қатысты ойын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ұжымды басқару – ұжыммен тіл табысу. Сосын жауапкершілікті мойныңа алу. Мен әу бастан жауапкершілік алудан қашқан жоқпын. Өзім айтқан сөзім үшін де, істеген ісім үшін де. Дәл сондай жауапкершілік мойныма ресми түрде жүктелді", – деп түсіндірді жаңа қызметін айтыскер ақын. 

Оның айтуынша, жаңа қызметіндегі айлығы шамамен 200 мың теңге. Ал өзі директор болған өнер ордасының жылдық бюджеті 17-18 миллион теңге.

"Ең бірінші еден жуушылармен сөйлестім. Олардың нақты айлығын білемін. Ең көбі – 56 мың теңге. Ол жерде жұмыс істейтін әнші-әртістің айлығы 100 мың теңгеден аспайды. Оның сыртында Алматы қаласының әкімдігінің тапсырмасы бар: "Ринат, ұлттық өнер ақсап барады. Мына жақты реттеу керек. Айғайлағанда адалмын дейсің ғой, істеп көр" деп ұсыныс айтты", – дейді айтыскер.

Сонымен қатар, Ринат Зайытов "оққағарыңыз бар ма?" деген Нартай Аралбайұлының сұрағына таңданыспен жауап берді.

"Кім атайын деп жүр мені? Атқысы келген адам оққағарға қарамайды ғой", – деді Зайытов.

Естеріңізге сала кетсек, жақында айтыскер ақын Ринат Зайытов Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрының директоры болып тағайындалған болатын.

Ұжымға жаңа басшыны Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы- Ғани Айдарұлы Майлыбаев таныстырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899001-zana-qyzmetke-tagaiyndalgan-rinat-zaiytov-zalaqysy-qansa-ekenin-aitty/

pixel