Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерекше көлік ойлап тапқан қазақ жігіттері туралы не білеміз (фото)

Опубликовано:

Қазақ жігіті
Фото: facebook.com/industry.gov

Әйгілі Илон Маск ұйымдастырған байқауда "жоғары жылдамдықты тоннель жасау" жобасымен финалға шыққан қазақстандық өнертапқыш Санжар Тайжан командасымен бірге ойлап тапқан кезекті жобасы - электромобильді көрсетті деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ресми Facebook парақшасында.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өнертапқыш Санжар Тайжанмен кездесті. Қазақ жігіттері министрге ойлап тапқан жаңа жобасы - қазақстандық электромобильді таныстырды.

"Біз бензиннен электромобильге ауысып кеттік. Жаңалықтарда мен туралы ғана айтылды, бірақ мен сіздердің барлығыңызға құрметке лайықты әріптестеріммен таныстырғым келеді! Рахматуллаев Ерлан, Ырысты Байғозиев және Қани Бейсенов. Біз бірге біздің Отанымыз - Қазақстан үшін әлі де көп нәрсе жасай алатындығымызға сенімдімін. Осындай керемет инженерлердің көмегімен біз жобаны аяқтай алдық", - деп жазған Санжар Тайжан өз желі парақшасында.

Санжар бұдан бөлек, "жоғары жылдамдықты тоннель жасау" жобасымен америкалық бизнесмен Илон Маск ұйымдастырған Not-A-Boring Competition байқауына қатысып жатқандарын айтуда.

Санжар
Фото: facebook.com/industry.gov

Ол көліктің прототипін министрге көрсетіп, ерекшеліктері туралы айтып берді.

"Қазір электр көлігі жақсы ауа райында 100 шақырымнан астам қашықтыққа жүре алады. Ал біз оны 500-600 шақырымға дейін арттыра аламыз. Басты мақсатымыз - электромобильдердің алғашқы қазақстандық брендін жасау. Жақын арада дизайны мүлде жаңа 30 прототип әзірлеп, модельге 200-ден астам патент алуды жоспарлап отырмыз", - дейді Санжар Тайжан.

Стартап авторлары еліміздегі такси мен қоғамдық көліктерді электр түріне ауыстыруды көздеп отыр.

Көлік
Фото: facebook.com/industry.gov

Бейбіт Атамқұлов болса, табиғатты сақтауға және жаңартылатын қуат көздерін пайдалануға ықпал ететін жаңа технологияларды дамытуды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақ жігіті
Фото: facebook.com/industry.gov

Енді ИИДМ мен Санжар Тайжанның компаниясы жобаны іске асыру үшін бірлесіп инвесторлар іздестіруді жоспарлап отыр.

Көлік
Фото: facebook.com/industry.gov

Одан бөлек, министрлік стартапты дамытуға және оның өнімдерін ілгерілетуге жәрдемдеспек.

Көлік
Фото: facebook.com/industry.gov

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899138-elektromobil-oilap-tapqan-qazaq-zigiti-ilon-mask-baiqauynyn-finalyna-ilikti-foto/

pixel