jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

"Бір адамға тек бес бөлке": Алматыда нан саудасына шектеу енгізілді

Нан саудасы
Көрнекі фото: inbussines.kz

Алматыдағы бірқатар дүкенде нан саудасына шектеу енгізілді. Енді бір адамға тек бес бөлке ғана беріледі. Мұндай тәжірибе мерзімді түрде қайталанады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мұндай тәжірибе бұрыннан бар және халықты әлеуметтік азық-түлікпен қолжетімді бағада тұрақты қамтамасыз ету үшін қолданылады. Бұл көтерме сауда көлемдері бөлшек сауда арналары арқылы сатып алынбауы үшін жасалып жатыр.

Себебі, таңғы уақытта өнімнің барлық көлемін сатып алып, қымбат бағада қайта сату жағдайлары кездесті",- деді басқарманың баспасөз қызметінде.

Шектеулер тек фирмалық дүкендерге, атап айтқанда нанды зауыт бағасымен сататын "Ақсай "НТК" ЖШС-ға қатысты болып отыр. Қаланың басқа дүкендерінде мұндай шектеулер жоқ.

Ведомство "Ақсай "НТК" ЖШС- да қалыптық нан өндірісі бұрынғы деңгейде қалып отырғанын хабарлады. Тиісінше, дүкендерге жеткізу көлемі азаймаған.

Басқарма баспасөз қызметі дерегінше, Алматы әкімдігі мен "Ақсай "НТК" ЖШС арасында жасалған шарт аясында зауыттың нан бағасы бір бөлке үшін 75 теңге болып белгіленді.

Айта кетейік, Алматы қаласында балаларға арналған ойын-сауық орталықтарының иелері қызметіне рұқсат беруді талап етті.

Себебі, коронавирус кесірінен өткен жылы наурыз айында олардың қызметіне тыйым салынған болатын. Салдарынан бизнесмендер осы кәсіпті ашу үшін алған миллиондаған несиесін төлей алмай тығырыққа тіреліп отыр.

"Бір адамға тек бес бөлке": Алматыда нан саудасына шектеу енгізілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.