Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда құрылыс алаңында "ілініп" тұрған сиыр видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Сиыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде елордаға арналған парақшалардың бірінде өзгеше видео пайда болды. Кадрда құрылыс алаңында ілініп тұрған сиыр бейнеленген. Оқиғаға қатысты Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейнеролик Instagram желісіндегі zhaloby_astana парақшасында жарияланған.

Кадрларда салынып жатқан көпқабатты үйдің шатырына аяғы байланған сиырды кранмен көтеріп жатқаны көрінеді. Видеоны қарама-қарсы беттегі үйден түсірген болуы мүмкін.

Оператордың ойынша, үй жануарын құрылысы жүріп жатқан ғимараттың шатырында бауыздамақ болған. Видеоны көрген оқырмандар өз пікірлерін білдірді.

"Жануарларға қатыгездік танытқандарды жазалау керек", Байқұс жануар, тауып жазалау керек", "Күлкілі ешнәрсе көріп тұрғаным жоқ. Адамдар әрбір минут сайын жыртқыш болып бара жатыр", - дейді пікір жазғандар.

Сонымен бірге бейнежазбаға қатысты Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті пікір білдірді.

"Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтағаннан кейін құқықтық баға берілетін болады. Құқық бұзушы жауапкершілікке тартылады", - дейді құқық қорғау органы.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде жүргізушінің итті көлікке байлап, Ақмола облысының Қоянды ауылындағы жол бойымен сүйреп бара жатқаны суреттелетін видео тарап кеткен еді.

Ақмола облысының полиция департаменті итті Қоянды ауылының 37 жастағы тұрғыны сүйрегенін анықтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899236-nur-sultanda-qurylys-tobesinde-ilinip-turgan-siyr-videoga-tusip-qaldy/

pixel