jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

"Сөйлесетін қыздарын "брат" деп сақтап қоятын": Артаевтың жары ағынан жарыла сұхбат берді

Салтанат Тұңғатова
Салтанат Тұңғатова. Фото: Видеодан кадр

Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың жары Салтанат Тұңғатова спортшымен қалай танысып табысқанын айтып, екеуінің басынан өткен қызықты оқиғалармен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Белгілі болғандай, Бақтияр Артаев сүйіктісіне үйленбей тұрып, онымен бес жыл бойы қыз бен жігіт болып кездесіп жүрген. Салтанат Тұңғатова ғашығы екеуінің сол кездегі қызықты оқиғаларын "Еуразия бірінші" арнасындағы" "Ең алғашқы" бағдарламасында айтып берді.

«Үйленем дегенше бес жылдай кездесіп жүрдік. Осы уақыт ішінде біраз нәрсе болды. Маған дейін жылдап сөйлескен қыздары болды. Кездесіп бастағанымызға екі-үш ай болған соң біле бастайсың, сұрастырасың. Ол қыздар да өздерінің бар екенін білдірткісі кеп. Бақтияр олардың атын брат деп сақтап қоятын. Қай брат екенін білмейсің. Өзінің санаулы досы бар, олардың аты шығып тұрады. Сондайдан ұсталған қызықты кездері болған. Кейін «брат» емес екенін біліп жаттық», - деп өткенді еске алды спортшының жары.

Мұндай жайттарды бүгінде күліп қана еске алатын боксшының өзі жастықпен ондай қызықтар болғанын, алайда таңдаудан қателеспегеніне, ата-анасын сыйлайтын, парасатты жанды жар еткеніне қуанатынын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Бақтияр Артаев ата-анасынан қалай айырылып қалғаны жайлы жан сырын ақтарған болатын. Боксшының сөзінше, олардың қазасы оны бір мезетте есейтіп жіберген. Бұл жағдай спортшы үшін аса ауыр соққы болған.

"Сөйлесетін қыздарын "брат" деп сақтап қоятын": Артаевтың жары ағынан жарыла сұхбат берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.