Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстанның құрметті азаматы" жобасына қатысып, пәтер ұтып алыңыз!

Опубликовано:

Қазақстанның құрметті азаматы
Фото: BI Group баспасөз қызметі

Бүгін Қазақстанда екі жеңімпаз жаңа салынған үйден пәтерге ие болатын "Құрметті азамат" байқауы басталады! Жоба BI Group құрылыс холдингінің қайырымдылық қызметі аясында NUR.KZ ақпараттық қолдауымен жүзеге асырылады.

Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен құрылыс холдингінің 25 жылдығына орай, Наурыз мейрамы қарсаңында өткізіледі. BI Group жүлде қоры ретінде Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласынан екі бөлмелі екі пәтер ұсынды.

Компания аталмыш жобаны екінші рет өткізіп отыр. Естеріңізге салсақ, қазақстандықтар алғашқы өткізілген "Құрметті азамат" байқауына қатысу үшін 2000-нан астам үміткерді ұсынған болатын. Ол байқауда онкологиялық ауруға шалдыққандарды қолдауға өлшеусіз үлес қосқан Марина Чейшвили мен 10 баланың әкесі, жетімдікпен күресуді насихаттап жүрген Мұрат Қабылбаев жеңімпаз атанған еді.

Қазақстанның құрметті азаматы
Фото: BI Group баспасөз қызметі

"Мұндай байқаулар біздің еліміз үшін өте қажет. Біз үлгі көрсетіп, қоғамымызды жақсы жаққа жылжытатын, өзінің өмір салтын, азаматтық ұстанымын көрсететін әлеуметтік белсенді қайраткерлерді анықтауымыз керек. Ол қоғамды біріктіреді, азаматтардың рухын көтереді. Әр уақыттың өз қаһармандары болады. Халық өз таңдауын жасаса, біздің компаниямыз жеңімпаздарды лайықты түрде марапаттайды", - дейді BI Group Холдингінің Басқарма төрағасы Амангелді Омаров.

Қазақстанның құрметті азаматы
Фото: BI Group баспасөз қызметі

Байқау төрт кезеңде өтеді:

1. 17-24 ақпан аралығында - үміткерлерді ұсыну. Кез келген қазақстандық "Құрметті азамат" атағына лайықты адамның кандидатурасын ұсына алады. Ең бастысы, сіздің ұсынған үміткеріңіз жынысына, жасына, Қазақстанда тұратын жеріне қарамастан, әлеуметтік мәселелерді шешуге қомақты үлес қосуы, ерлік жасауы немесе өзінің азаматтық ұстанымымен қоғам өміріне оң өзгерістер енгізген болуы тиіс.

Үміткердің кандидатурасын тек Instagram әлеуметтік желісінде ғана ұсынуға болады. Әрбір адам өз парақшасында үміткер туралы #biгражданин және #biaзамат хэштектерімен кез келген форматта жазба қалдыра алады.

2. 24 ақпан мен 3 наурыз аралығында тәуелсіз сарапшылар жарияланған үміткерлер арасынан 10 финалисті таңдайды. Халық арасында беделі бар тәуелсіз тарап - қайырымдылық ұйымына тізім жасау сеніп тапсырылды.

3. 11-17 наурыз аралығында сарапшылар таңдаған үміткерлерге жалпыхалықтық хабарлама арқылы дауыс беріледі. Соңында ең көп дауыс жинаған екі жеңімпаз анықталады.

4. 27 наурыз — жеңімпаздарды марапаттау. Олардың бірі - BI Group компаниясының Алматыдағы, екіншісі - Нұр-Сұлтандағы пәтерін алады.

BI Group қызметкерлері байқау әділ өту үшін өз үміткерлерін байқауға қатыстырмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899291-kazakstanny-krmetti-azamaty-zobasyna-katysyp-pter-typ-alyyz/

pixel