Балқашта той қонақтары мейрамханадан жапа-тармағай қаша жөнелді (видео)
Жарияланған күні:
Балқаш қаласының әкімдігі өзінің Instagram парақшасында мониторинг тобы мейрамханаға рейд жасағаннан кейін қонақтардың асығыс мейрамханадан қаша жөнелген сәтінен видеоны жария етті.
Мереке иелері үшін әкімшілік хаттама жасалды. Видео өткен сенбі, 13 ақпанда түсірілген, алайда жақында ғана интернетте пайда болды.
Әкімдікте айтқандай, карантинге және жаппай іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан, жергілікті мейрамханалардың бірінде - қыз ұзату тойы өткен.
"Мобильді топ ғимаратта қыз ұзату өтіп жатқан сәтте кезекті рейдпен кіріп келді. Мейрамхана иесі қонақтарды - шамамен 150 адамды артқы есіктен кіргізген", - деп хабарлады ведомствода.
Енді мереке иелеріне 87,5 мың теңге айыппұл, ал мейрамхана иесіне 671 мың теңге айыппұл салынады. Ведомствоның мәліметінше, бүгінде Балқашта шамамен 40 адам коронавирустан емделуде. Үш адам жансақтау бөлімінде жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін де Қарағандыда карантинге қарамай, 100 адамға той өткізгендер әшкере болғанын жазған едік. Одан бөлек, Атыраудағы түнгі клубта карантинге қарамастан 100 шақты адам көңіл көтерген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, түнгі клуб Авангардтың екінші шағын ауданында жұмыс істеген. Әкімшілік құқық бузушылар түнгі сағат бірлер шамасында анықталды.
Сонымен қатар, Атырауда бір топ асабаға айыппұл салынғанын жазған болатынбыз. Би топтары мен фотограф, бейнеоператорларда жауапкершіліктен жалтарып кете алмайды. Жеке тұлғалар 83 мың теңге, ал кәсіпкер ретінде тіркеліп, қызмет көрсететіндер 600 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899328-balqasta-toi-qonaqtary-meiramxanadan-zapa-tarmagai-qasa-zoneldi-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.