jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Бақтияр Артаев: Ең алғашқы табысыма ата-анама нан сатып алдым

Бақтияр Артаев
Фото: Видеодан кадр

Бала кезінен еңбекке жақын болып өскен белгілі боксшы, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев спорт саласындағы ең алғашқы табысына не сатып алғанын еске түсірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бақтияр Артаев өзінің алғашқы табысын ата-анасына жұмсағанын айтты. Спорт саласындағы бірінші еңбекақысына ол өзіне өмір сыйлаған жандарға нан сатып алып берген. Алайда, жылдар өте боксшы ата-анасына үй мен көліктер сыйлай бастаған. Бұл туралы ол "Еуразия бірінші" арнасындағы "Ең алғашқы" бағдарламасында айтты.

"Ең алғаш тапқан табысыма ата-анама нан сатып алдым. Одан кейінгі табысыма 16-17 жасымда әке-шешемнің үйін жөндеп бердім. 19-20 жасымда үйді толығымен реттеп, үйдің дүние-мүлкін толтырып қойдым. 20 жасымда есімде, әкеме алғашқы көлігімді алып бердім. 21 жасымда жаңа үй мен жаңа көліктер. Толықтай жағдайын жасап бердім десем болады", - дейді Бақтияр Артаев.
Айта кетейік, Бақтияр Артаев ата-анасынан 2012 жылы бір күнде айырылып қалды. Ауыр жол апаты алдымен анасын, араға 2 сағат салып асқар тау әкесін алып кетті. Журналист Аман Тасығанға берген сұхбаты барысында боксшы сол қайғылы жағдай туралы айтып, өзінің бір мезетте есейіп кеткенін жеткізді.
Ата-анасынан бір күнде айырылу спортшыға ауыр соққы болып, оның өмірінің тас-талқанын шығарған.

Бақтияр Артаев: Ең алғашқы табысыма ата-анама нан сатып алдым

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.