Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оққағары да мен болдым": Бақтияр Артаевтың бапкері оған не үшін өкпелі екенін айтты

Опубликовано:

Нұрлан Ақүрпеков
Нұрлан Ақүрпеков. Фото: Видеодан кадр

10 жасынан 25 жасына дейін Бақтияр Артаевты жаттықтырып, әкесіндей қамқор болған бапкері Нұрлан Ақүрпеков спортшыға деген өз өкпесі бар екенін айтты. Белгілі боксшы өзін жетістікке жеткізген маманды қалай және қашан ренжітіп алғанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Нұрлан Ақүрпеков өзі тәрбиелеп, спорттағы шыңдарды бірге бағындырған шәкіртіне деген өкпесін "Еуразия бірінші" арнасындағы "Ең алғашқы" бағдарламасында жеткізді. Бапкер еңбегі тиісті деңгейде еленбегеніне күйнетін көрінеді.

«Қазір енді барлық жағдай жасалған ғой. Ол кезде өзің массажист, өзің психолог. Қазақшалап маймен сылап. Басынан башпайына дейін массаж жасап, солай мәпелеп қостық қой жарысқа. Соның барлығы істелінген жұмыстар. Оның жеңісі былай айтқанда менің жеңісім. Журналистер көбіне сұрақ бергенде тренерлер туралы бір сөз жазылмай қалады. Оққағары да мен болған шығармын сол кезде. Оған бірдеңе төнсе, көкірегімді тосуға дайын болғанмын. Соның бәрі болды. Бақтияр еліміздің сүйікті азаматына айналды. Соның бәрі тұрғанда, тренері туралы айтылмай қалу дұрыс емес деп ойлаймын», - дейді Нұрлан Ақүрпеков.

Әкесіндей көріп, балалықпен еркелегенін, кейде көңіліне қаяу түсіретін мінез көрсеткенін мойындаған атақты спортшы бағдарлама студиясынан жеке бапкері болған Нұрлан Ақүрпековке қоңырау шалып, кешірім сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін Бақтияр Артаев ата-анасының қазасы туралы жан сырын ақтарған болатын. Белгілі спортшы бір күнде анасынан да, әкесінен де айырылып қалған болатын. Олар жантүршігерлік жол апатынан көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899379-oqqagary-da-men-boldym-baqtiyar-artaevtyn-bapkeri-ogan-ne-usin-okpeli/

pixel