Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тянь-Шань қоңыр аюы "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде фототұзаққа түсіп қалды

Опубликовано:

аю 6846
Көрнекі фото: pixabay.com

Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань қоңыр аюы Алматы облысында фототұзаққа түсіп қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сүтқоректі туралы бейнероликті экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлеміі комитеті Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жариялады.

"Достар, "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің фототұзағына түскен Тянь-Шань қоңыр аюының видеосын жариялап отырмыз. Жануар камераны зерттеуге тырысқан еді", - делінген хабарламада.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, аюлардың бұл түрі Қазақстаннның Қызыл кітабына енгізілген.

Онда Тянь-Шаньның қазақстандық бөлігінде осы аюдың 200-ге жуығы бар. Жыртқыштардың бұл түрі Алматы қорығында, Ақсу-Жабағылы қорығында және Жоңғар Алатауында да мекендейді.

Еске сала кетсек, Павлодарда 6 желтоқсанда Қазы ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан Борлы көлінен мұздың астында сіресіп қатып қалған 26 жылқының табылғанын хабарлаған едік.

Айта кетейік, Алматы маңында екі бала мұз астына түсіп қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899406-tyan-san-qonyr-ayuy-kolsai-kolderi-ulttyq-parkinde-fototuzaqqa-tusip-qaldy/

pixel