"Тұман, көктайғақ, жел": Еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
Ертең Қазақстанның бірқатар өңірінде аса қолайсыз ауа райы күтілуде. Қай облыстарда дауылды алдын ала ескерту жарияланғанын "Қазгидрометтің" ресми сайтында хабарланды.
Синоптиктер болжамына сәйкес, Жамбыл облысында 19-20 ақпанда кей уақытта тұман, 20 ақпанда көктайғақ күтіледі. Күндіз 18, тәулік бойы 19, түнде 20 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с, күндіз 19 ақпанда кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.
18 ақпанда Маңғыстау облысының түнде кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі (жаңбыр, қар). Кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 18 ақпанда көктайғақ күтіледі. Түнде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.
18-19 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен батысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 18-19 ақпанда тұман күтіледі.
Түнде 18 ақпанда Атырау облысының көп бөлігінде қар. Кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде көп бөлігінде, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с. Атырау қ.: түнде 18 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз кей жерлерде қатты (жаңбыр, кар) күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 25 м/с. Қостанай қ.: Күндіз 18 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Түнде 18 ақпанда Ақтөбе облысында қатты қар күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: түнде 18 ақпанда жаяу бұрқасын, солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Көкшетау қаласында 18 ақпанда түнде және таңертең жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болмақ.
17 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Нұр-Сұлтанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Ауа температурасының 1-3 градус жылыдан 15-17 градус аязға дейін күрт төмендейді және одан ары төмендеуі күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899533-tman-kktajgak-zel-elimizdi-birkatar-irinde-dauyldy-aldyn-ala-eskertu-zarialandy/