jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте екі жігіт аялдама әйнегін сындырған (видео)

Екі жігіт аялдаманың шынысын сындырды
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/police_shymkent

Шымкентте автобус аялдамасының шыны қабырғасын сындырған екі жас жігіт ұсталды деп хабарлайды қалалық полиция департаменті Instagram парақшасында.

Ведомствоның мәліметінше, 15 ақпанда таңғы сағат 6.00-де патрульдік полиция инспекторы аумақты патрульдеу кезінде Абай даңғылында орналасқан "Радуга" автобус аялдамасының шыны қабырғасының сынғанын байқаған.

Тәртіп сақшысы бұл туралы Абай ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел хабарлап, вандалдарды іздеуге кіріскен.

Инспектор оқиға орны маңында жүрген екі жігітті байқап, тоқтатқан. Тексеру барысында азаматтардың бірінің ұялы телефонынан аялдаманың шынысын сындырып жатқан cәт түсірілген бейнежазба анықталған.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, 19 жастағы екі азамат полицияға жеткізілген.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Тексеру аяқталғаннан кейін азаматтардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте 15 жастағы жеткіншек сыныптасының әкесін ұрып өлтірді деп күдіктеліп жатқаны хабарланған еді.

47 жастағы ер адамды өлтірген деген күдікпен мектеп оқушысы қамауға алынған. Ол марқұмның қызымен бір сыныпта оқитын болып шықты. 15 жастағы оқушыдан жәбір көргенін қызы бірнеше мәрте әкесіне айтып барыпты.

Сондықтан ол "қызымнан аулақ жүр" деп, жасөспірімге ескерту жасағанға ұқсайды. 9-сынып оқушысы осыған кектенген болуы мүмкін.

Шымкентте екі жігіт аялдама әйнегін сындырған (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.