jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

АҚШ-та Дональд Трампқа тиесілі болған 39 қабатты казино мен қонақ үй жермен жексен болды (видео)

Трамп плаза сүрілді
Казиноның жарылған сәті. Видеодан кадр: nj.com YouTube арнасы

АҚШ-та бұрын экс-президент Дональд Трампқа тиесілі болған 39 қабатты казино мен қонақ үй сүрілді деп хабарлайды РИА Новости.

Нью-Джерси штатының Атлантик-Сити қаласындағы 39 қабатты Trump Plaza қонақ үйі мен казиносы толығымен жойылды.

Ғимараттың жермен жексен болу сәтінен видео жергілікті порталдардың бірінің Youtube арнасында жарияланған.

Танымал ғимараттың сүрілгенін көруге көптеген қала тұрғыны келген.

Басылымның жазуынша, ғимарат 1984 жылы мамыр айында ашылып, қала бойынша оныншы казино болған. Алайда нысан 2014 жылы жабылып, мыңдаған адам жұмыссыз қалған.

Казино жұмысы тоқтағаннан кейін 2016 жылы меншік құқығы Trump Entertainment Resorts-тан Icahn Enterprises-ке берілген.

Сонымен бірге басылым Атлантик-Ситидің мэрі Марти Смолл 2020 жылы қирай бастаған ғимаратты сүріп тастау туралы шешім шығарғанын хабарлады.

Еске сала кетсек, АҚШ-та өткен жылы президент сайлауы өтті. Саяси додада Джо Байден жеңіске жетіп, елдің 46-президенті атанды.

20 қаңтарда Вашингтонда жаңа президентті ұлықтау рәсімі өтті.

Джо Байден қызметіне кірісе салысымен, экс-президент қабылдаған бірқатар жарлықтың күшін жойған болатын.

Жаңа мемлекет басшысы АҚШ-ты ДДСҰ-ға қайтарудан бөлек, елді Климат туралы Париж келісіміне қайтару шешімін қабылдады.

Трамп президент болған тұста бұл ұйым мен келісімнен АҚШ-ты шығарып тастауды ұйғарған еді.

АҚШ-та Дональд Трампқа тиесілі болған 39 қабатты казино мен қонақ үй жермен жексен болды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.