Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Полицияның экс-қызметкерлері": Атырауда чемпион жігіттің өліміне қатысты сот басталды

Опубликовано:

Сот12
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Атырауда грэпплингтен әлем чемпионы Есенбек Сиғуатовтың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Айыпталушылар орындығында – Атырау облысы полиция департаментінінің бұрынғы екі қызметкері деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Болашағынан зор үміт күттірген чемпион Есенбек Сиғуатов өткен жылы 9 тамызға қараған түні қала маңындағы Амангелді (Дамбы) және Құрманғазы ауылдарының жасөспірімдерімен және бірнеше жігіттің арасында болған төбелес кезінде оққа ұшқан еді.

Іс материалдарына сүйенсек, 8 тамыз күні қала сыртындағы Амангелді ауылының төрт жасөспірімі көрші Құрманғазы ауылындағы дүкенге барады. Дүкен қасында осы ауылдың бұзақылары ескі келіспеушілікті еске түсіріп, келген балаларды ұрып жібереді.

Таяқ жеп қалған балалар бұл туралы ауылдастарына айтып, кейін түнгі 2-лер шамасында Құрманғазы мен Амангелді ауылдарын бөліп тұрған үйілген топыраққа екі ауылдың балалары жиналады.

26 жастағы Б.М. оқиға орнына 12 калибрлі аңшы мылтығын алып барады. Әуелі мылтығын аспанға атады, екінші рет оқты көрші ауылдардың балалары тұрған жаққа атады. Оқ Есенбектің жүрегіне тиіп, чемпион оқиға орнында қайтыс болады. Осыдан кейін бәрі қашып кетеді, ал екінші күдікті қаруды өзенге лақтырды. Ол қару ақыры табылмаған.

Осы жылдың қаңтар айының соңында тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілген. Іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.

Екі баланың әкесі, 23 жастағы Б.М. Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру"), 26 жастағы Б.Д. - 432-бап ("Қылмысты жасыру") бойынша айыпталуда.

"Ақ Жайық" басылымының дерегінше, Б.Д. 2017 жылдың мамыр айынан бастап су полициясының кезекші бөлімінде жұмыс істеген, ал Б.М. өткен жылдың 30 сәуірінен бастап сол жерде полиция көлігін жүргізген. Екеуі де "органнан" 10 тамызда, яғни, Сиғуатовты өлтірген күннің ертеңінде жұмыстан шығарылған.

Тергеу изоляторында жатқан Б.М. кінәсін мойындамайды. Сол түні қолында қару болғанын, бірақ өзінің атпағанын айтады. Тіпті, кісі өлтіруші деп, түнде отбасына келіп, адам өлтірдім деп айтқан туысын да көрсетіп отыр екен.

Сот процесі жалғасуда.

Айта кетейік, осыған дейін Есенбек Сиғуатовтың әкесі тергеудің баяу жүріп жатқанына шағымданған еді. Ол бұған күдіктілердің полицияда қызмет атқарғаны себеп болуы мүмкін екенін де мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899588-buryngy-policeiler-atyrauda-cempion-zigittin-olimine-qatysty-sot-bastaldy/

pixel