jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

"Өлер алдында" видео түсіріп кеткен павлодарлық азамат аман-есен табылды

Павлодарлық
Фото: Pavlodarnews.kz

"Өлер алдында" жақындары үшін виедо түсіріп, мән-жайды баяндап кеткен кеткен павлодарлық азамат аман-есен табылды. Ол еріктілерге мұндай қадамға қаржылық мәселелер итермелеген соң барғанын айтқан деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

"VITA Павлодар қаласының іздеу жүйесі" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Екатерина Кудрявцеваның сөзінше, іздеу жұмыстары павлодарлық азаматтың әйелі жүгінген соң басталған.

"Константин Суханов үй маңынан табылды. Ол мұндай қадамға қаржылық мәселелер итермелегенін айтты. Біз азаматты пәтеріне дейін шығарып салдық, онда жанұясы күтіп алды", - дейді Екатерина Кудрявцева.

Айта кетейік, іздеу салынған тұрғын 17 ақпан күні таңертең үйінен шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Ол ұялы телефоны мен пәтердің кілтін, құжаттарын үйге тастап кеткен. Ал жақындары ұялы телефонын тексере келе видеоны көрген.

Онда ер адам жанұясынан кешірім сұрап, зейнетақы жинағы қарыздарын жабу үшін пайдалануды тапсырған.

Сонымен қатар бейнежазбада павлодарлық туыстары видеоны көргенде өзі тірі болмайтынын айтқан.

Ай кетейік, ер адамды ондаға ерікті іздеген болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам 1,5 жылдан бері табылмай жатқанын хабарлаған едік.

Дәурен Ерғалиев 29 тамызда Алға қаласы Байтұрсынов көшесінде орналасқан үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің ақпаратынша, ер адам бұған дейін де үйінен кетіп қалған екен.

Полиция Дәурен Ерғалиевтің қайда екенін білетіндердің 102 (Ақтөбе) немесе 8 701 131 94 84 нөміріне хабарласуын сұрайды.

"Өлер алдында" видео түсіріп кеткен павлодарлық азамат аман-есен табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.