Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі тойхана иелері бақылау тобын мейрамханаға кіргізбей, қуып шықты

Опубликовано:

Фото
Фото: Olx.kz

Шымкент пен Қарағанды облысының тұрғындары жұқпалы вирустың өршіп тұрғанына қарамастан тығылып той тойлауын тоқтатқан жоқ деп хабарлайды 31 арна.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, жүзден астам қонағы бар Шымкенттегі тойхана иелері бақылау тобын мейрамханаға кіргізбей, қуып шыққан.

Сонымен қатар, Балқашта қыз ұзатқандар мейрамхананың сыртқы қақпасын құлыптап, күндізгі сағат екіде 150-ге жуық қонақ шақырылған шара өткізіпті. Бақылау тобының арнайы жасақтың көмегімен кешкі тоғыздар шамасында ішке әрең кіргені белгілі болды.

Бұны көрген қонақтар қолдарына сарқыттарын көтеріп жан-жаққа тұра қашқан, телеарна тілшісі.

Ал қызын ұзатқан той иесіне 87 500 теңге, мейрамхана қожайынына 671 000 теңге айыппұл салынған.

Одан бөлек, Шымкентте тойхана иелері бақылау тобын мейрамхананың маңына да жолатпағаны айтылды.

Қазіргі уақытта билік өкілдеріне қарсылық көрсеткендерді бақылау тобы сотқа берген. Алдағы уақытта нысана мүлдем жабылуы мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін де Қарағандыда карантинге қарамай, 100 адамға той өткізгендер әшкере болғанын жазған едік. Одан бөлек, Атыраудағы түнгі клубта карантинге қарамастан 100 шақты адам көңіл көтерген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, түнгі клуб Авангардтың екінші шағын ауданында жұмыс істеген. Әкімшілік құқық бузушылар түнгі сағат бірлер шамасында анықталды.

Сонымен қатар, Атырауда бір топ асабаға айыппұл салынғанын жазған болатынбыз. Би топтары мен фотограф, бейнеоператорларда жауапкершіліктен жалтарып кете алмайды. Жеке тұлғалар 83 мың теңге, ал кәсіпкер ретінде тіркеліп, қызмет көрсететіндер 600 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899684-symkenttegi-toixana-ieleri-baqylau-tobyn-meiramxanaga-kirgizbei-quyp-syqty/

pixel