RU

Жаңбыр, боран, көктайғақ: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады

Тұман
Фото: pexels.com

Синоптиктер бүгінгі ауа райы болжамын жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Ауа райын болжаушылар ұсынған ақпаратқа сәйкес, еліміздің басым бөлігіне оңтүстік Каспий циклоны ықпал етіп, күн құбылмалы болмақ, жаңбыр, қар жауады.

Солтүстікте қалың қар, оңтүстікте жаңбыр мол көлемде жауады, дейді синоптиктер.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 м/с-ге жетеді, кей жерлерде 30 м/с және одан күшті болады. Сондай-ақ кей жерлерге тұман түсіп, күндіз Түркістан облысының кей бірқатар бөлігінде көктайғақ болады.

Қостанай облысының басым бөлігінде түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, кей жерлерде желдің күші секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Күндіз өңірдің бірқатар бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке жетсе, кей жерлерде тұман, бұрқасын болады.

Ақмола облысының басым бөлігінде жел түнде секундына 15-20 метрге жетіп, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады деп күтіліп отыр. Күндіз облыстың кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.

Синоптиктер Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының басым бөлігінде желдың күші секундына 15-20 метрге жететінін, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болуы мүмкін екенін жасырмады. Тағы бір бөлігінде бұрқасын болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар өңірінде тұман түсіп, Павлодар облысында көктайғақ болады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен есіп, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.

Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, дейді ауа райын болжаушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899774-zanbyr-boran-koktaigaq-qazaqstanda-bugin-aua-raiy-qandai-bolady/