Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда қатты желдің салдарынан үйлердің шатыры ұшып, ағаштар құлады (видео)

Опубликовано:

Тараз
Видеодан кадр: Instagram/ taraz_v_obektive

Тараз қаласында қатты желдің салдарынан үйлердің шатыры ұшып, ағаштар тамырымен жұлынып кеткен. Дауылдың видеосы әлеуметтік желіде тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желідегі видеолардан тек үй шатырлары емес, ағаштардың да құлағанын аңғаруға болады. Бейнероликтердің бірінде ағаштың көліктің үстіне құлағаны байқалады.

"Қатты желден №16 үйдің шатыры ұшып, №14 үйге қарама-қарсы тұрған көліктердің үстіне құлады. Абай болыңыз", - дейді тұрғынның бірі желіде тараған видеода.

Tengrinews.kz-тің ақпарынша, ауа райының күрт бұзылуына байланысты жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Жайдар Құттыбаев қала тұрғындарына үндеу жасаған.

"Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары қалада қатты жел соғуына байланысты көліктеріңізді ағаштар мен қауіпті аймақтарға қоймауларыңызды сұраймыз. Абай болыңыздар! Жаяу жүргіншілерден сақ болуын сұраймыз", - деген ол.

Айта кетейік, бүгін еліміздің 15 өңірінде жарияланған дауылдық ескертуге байланысты төрт облыс пен Нұр-Сұлтан қаласында 48 жол учаскесі жабылған еді.

Дауылдық ескерту Нұр-Сұлтан, Шымкент қаласы мен Ақмола, Атырау, Алматы, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, СҚО және Түркістан облыстарында жарияланған болатын.

Сонымен қатар синоптиктер 20-22 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.

Мамандардың мәліметінше, демалыс күндері ел аумағында аяз күтіледі. Тіпті оңтүстіктің өзінде ауа температуасы төмендемек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1899918-tarazda-qatty-zeldin-saldarynan-uilerdin-satyry-usyp-agastar-tamyrymen-zulyngan/

pixel