RU

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады

Жігіт пен қыз жолдан өтуде
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктер 20-22 ақпанда елімізде ауа райы қандай болатынын айтты. Олардың мәліметінше, демалыс күрдері ел аумағында аяз күтіледі деп хабарлайды Қазгидромет.

Метеорологтардың болжамына сәйкес, Қазақстан аумағынан Оңтүстік Каспий циклоны жылжып, қар аралас жауын-шашынсыз ауа райын қалыптасады.

"Жылмық ауа райы аяздың көтерілуіне ұласып, тіпті оңтүстік аймақтарда оң температураның теріс температураға ауысатыны болжанып отыр", – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін белгілі астролог Ирина Әбдірайымова қыстың соңғы айына болжам жасаған еді.

Оның болжамынша, ақпан айында нормативтік-құқықтық актілер мен халықаралық шарттар өзгереді.

"Әлеуметтік жағдай нашарлайды. Кейбір көшбасшылар саяси аренадан мүлде кетуі ықтимал. Көлік дәлізін қайта қарау мәселесі көтеріліп, оларға талас басталады. Табиғи апаттар, жарылыс, теракт, тау-кен, мұнай-газ, теміржол салаларында, өнеркәсіп кәсіпорындарында апат болуы мүмкін, революциялық оқиға және билік трансформациясы болжануда", - деді маман.

Сонымен қатар қыстың үшінші айында банк, қаржы жүйесінде өзгерістер, қолма-қол ақшамен қиындықтар туындауы мүмкін.Валюта бағамы құбылады. Астролог доллардың нығаюы мүмкін екенін ескертті.

"Менен көбі "Ақшаны қай валютада сақтайын?" деп сұрайды. Мен жақын арада доллармен сақтауға кеңес беремін", - деді астролог.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899849-kazakstanda-demalys-knderi-aua-rajy-kandaj-bolady/