Қазақстанда бір тәулік ішінде тағы 827 адам коронавирус жұқтырып алды
Жарияланған күні:
Соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, 19 ақпанда елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 827 дерегі тіркелді. Бір тәулік ішінде анықталған науқастар саны бойынша Нұр-Сұлтан қаласы көш бастап тұр деп хабарлайды Coronavirus2020.kz ресми Telagram-каналы.
Айта кетерлігі, Нұр-Сұлтан қаласы осымен екі күн қатарынан бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші бойынша бірінші орынға шықты. Елордада күні кеше қауіпті дертке шалдыққан тағы 127 адам анықталған.
Сондай-ақ, Алматы мен Павлодар облысында да 100-ден аса жұқтыру дерегі тіркелген болатын.
Республика аумағы бойынша коронавирус инфекциясының таралу жағдайы мынадай:
Нұр-Сұлтан қаласы - 127
Алматы қаласы - 112
Шымкент қаласы - 11
Ақмола облысы - 77
Ақтөбе облысы - 14
Алматы облысы - 46
Атырау облысы - 34
Шығыс Қазақстан облысы - 50
Жамбыл облысы - 13
Батыс Қазақстан облысы - 61
Қарағанды облысы - 45
Қостанай облысы - 68
Қызылорда облысы - 9
Маңғыстау облысы - 11
Павлодар облысы - 111
Солтүстік Қазақстан облысы - 31
Түркістан облысы - 7
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 206652.
Айта кетейік, елімізде коронавирустың таралуы әлі де тоқтаған жоқ. Барлық облыстарда карантин режимі енгізілген.
Күні кеше ғана Шығыс Қазақстан облысында карантин шаралары 7 наурызға дейін ұзартылды.
Ал Алматы қаласында карантин жеңілдетілді. Оңтүстік астананың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 19 ақпанда қаулы жариялап, құжатта кейбір мекемелерге өз қызметін қайта бастауға рұқсат берілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899943-qazaqstanda-bir-taulik-isinde-tagy-827-adam-koronavirus-zuqtyryp-aldy/