RU

Алматыда карантин жеңілдетілді

Көшедегі адам
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 19 ақпанда қаулы жариялап, құжатта кейбір мекемелерге өз қызметін қайта бастауға рұқсат берілді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құжатта кейбір мекемелердің қандай талаптарды орындаған жағдайда қызметін жандандыра алатыны жазылған.

Атап айтқанда, мәдени нысандардың, елуге дейін адамның қатысуымен дайындыққа арналған концерт залдарының, сондай-ақ театрлардың, кинотеатрлардың, 30%-дан аспайтын аудитория сыйымдылығы бар цирктің, зообақтың жұмысына бетперде режимі мен әлеуметтік арақашықтық қатаң сақталған жағдайда рұқсат етіледі.

Сондай-ақ, балалар кабинеттерінде, түзету орталықтарында, білім беру орталықтарында жұмысына рұқсат берілді. Топта 15 адамнан аспауы мүмкін.

Соңғы мәліметтер бойынша, Алматы қаласы коронавирустың таралуы бойынша жасыл аймақта тұр.

Еске салсақ, Шығыс Қазақстан облысында карантин шаралары 7 наурызға дейін ұзартылды. Бұл мерзім COVID-19 таралуының өзгерістеріне байланысты қайта қаралуы мүмкін екені айтылып отыр.

Оған қоса, Қарағанды ​​облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулысын жариялады, оған сәйкес облыста кейбір карантиндік шаралар жеңілдетілетіні туралы жазған едік. Құжат мәтіні Қарағанды ​​облысының СЭБД ресми сайтында пайда болды.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 901 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 205 825-ке жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899926-almatyda-karantin-zenildetildi/