Елімізде өткен тәулікте КВИ мен пневмониядан 10 адам қайтыс болды
Жарияланған күні:
Қазақстанда коронавирус белгілері бар пневмонияға қатысты жаңа статистикалық мәліметтер жарияланды. Белгілі болғандай, 18 ақпанда қауіпті дертке шалдығудың жаңа 45 дерегі анықталған деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың ресми телеграм каналы.
2021 жылғы 18 ақпандағы мәлімет бойынша КВИ белгілері бар пневмонияның 45 жағдайы тіркеліп, 3 жағдай өліммен аяқталған. Тағы 235 адам қауіпті дерттен жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстандағы коронавирустық пневмонияға қатысты жағдай мынадай:
- Науқастар саны – 48 932;
- Өлім жағдайлары - 608;
- Сауығып шыққандар - 40 336 адам.
19 ақпанда COVID-19 инфекциясынан жеті адам қайтыс болып, 860 науқас айығып шыққан.
20 ақпандағы мәлімет бойынша, бүгінде 21 340 адам короновирус инфекциясынан (13 352 КВИ+ және 7 988 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 760 пациент стационарда, 16 580 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 249 адамның жағдайы ауыр;
- 45 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 827 жаңа дерегі анықталды. Бір тәулік ішінде анықталған науқастар саны бойынша Нұр-Сұлтан қаласы көш бастап тұр. Елордада қауіпті дертке шалдыққан тағы 127 адам анықталған.
Сондай-ақ, Алматы мен Павлодар облысында да 100-ден аса жұқтыру дерегі тіркелген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899955-elimizde-otken-taulikte-kvi-men-pnevmoniyadan-10-adam-qaitys-boldy/