Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда төбелестен соң академиядан шығарылған ІІМ курсанттары оқуларына оралды

Опубликовано:

ІІМ академиясы
Фото: facebook.com/Karaganda-Police-Academy

Қарағандыда Бейсенов атындағы ІІМ академиясының екі курсанты оқуларына оралу үшін сотқа жүгінді. Белгілі болғандай, ЖОО басшылығы оларды заңсыз түрде оқудан шығарып жіберген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазыбек би ауданының №2 сотының шешіміне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, арыз берушілер өткен жылдың қазан айында академиядан шығарылып, қызметтен қуылған.

Оқу орнының мәлімдеуінше, бұл шешімге олардың арасындағы толассыз төлебестер мен келіспеушіліктер себеп болған.

Арыз беруші курсанттар сотта төбелеске қатысқандарын жоққа шығарып, академия қызметкерлері оларды мойындауға мәжбүрлегендерін айтты. Сотқа жүгінгендердің сөзінше, олар өздері шын мәнінде жасамаған іс-әрекеттерін мойындаған түсініктемені қысыммен жазған.

Сонымен қатар, сотта оқылған түсініктемелерден академия қабырғасындағы қақтығыс өткен жылдың 21 қазанында орын алғаны белгілі болды.

Кешкі дәстүрлі сапқа тұрудан кейін екінші курс студенттерінің бірі үшінші курстағыларға "мал" деп айқайлап жіберген. Бұл жайттан кейін арыз беруші жігіттердің бірі соққыға жығылып, тіпті медициналық көмек алу үшін Мақажанов атындағы емханаға жүгінген. .

Алайда, ол өзін аяусыз сабап тастаған адамның атын нақты айта алмады. Академия қызметкерлерінің қысымымен жазған түсініктемесінде ол екінші арыз берушіні көрсеткен.

Нәтижесінде екі жігіт те тәртіп бұзғаны мен құқыққорғау органдарының дискредитациясы үшін оқудан шығарылып, қызметтен қуылды. Сот барысында академия басшылығының бұл іске тереңінен үңіліп зерттемей салғырт қарағаны анықталды. Олар қызметтік тексеріс туралы бұйрық шығармай, тергеу протоколын жүргізбей-ақ курсанттардың түсініктемелерін тартып алып, оларды оқудан шығарып жіберген.

Оған қоса, соттың мәлімдеуінше, жігіттер оқудан шығу туралы бұйрықпен толық танысып шықпаған.

Сот іске қатысты барлық жағдайларды ескере отырып, академия басшылығы курсанттарды заңсыз түрде оқу мен қызметтен шығарып жіберді деген шешімге келді.

Академия басшысының бұйрығы жоққа шығарылып, курсанттар оқуына оралды.

Сонымен қатар, сот ішкі істер министрлігіне жеке анықтама шығарып, онда академия тарапынан анықталған заңбұзушылықтарды жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899961-qaragandyda-tobelesten-son-akademiyadan-sygarylgan-iim-kursanttary-oqularyna-oraldy/

pixel