Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бес тілде еркін сөйлейтін павлодарлық оқушы жайлы не білеміз (видео)

Жарияланған күні:

Аяла Зада
Аяла Зада. Фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда тұратын 14 жастағы Аяла Зада бес тіл біледі. Оның сөзінше, адам білімді болса ғана өз мақсатына жете алады деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Аяла Зада дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның сегізінші сынып оқушысы. Ол қазақ, орыс, ағылшын, неміс және қытай тілдерін біледі.

Одан бөлек, оқушы фортепианода ойнап, лингвистикалық интерференцияның екі шет тілін үйренудегі конструктивті және деструктивті жақтарына арналған ғылыми жоба жазып жүр.

Аяланың сөзінше, адам білімді болса ғана өз мақсатына жете алады. Сол себепті көп тіл білу керек.

"Анам ағылшын тілінен студенттерге сабақ береді. Үйде әпкеммен әртүрлі тілде сөйлесемін. Ол төрт тілде сөйлей алады. Қазір неміс тілі бойынша олимпиадаға дайындалып жүрмін. Әлем бойынша ағылшын және қытай тілдерін білетіндер қатары артуда, сол себепті бұл тілдерді меңгеру керек", - дейді Аяла Зада.

Талантты қыз бірнеше тілді үйрену қиын деген пікірмен келіспейді. Полиглоттың сөзінше, алдына мақсат қойған адам жолындағы кедергілердің бәрін еңсеруді үйренуі қажет.

"Қазір тіл үйренудің бірнеше тәсілі бар. Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін арнайы жаттығулар жасап, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес беремін. Мен ғылыми орталықтарға барғаннан бөлек, әртүрлі тілде фильмдер көріп, ән тыңдағанды ұнатамын. Интернетте тіл үйренем деушілерге арналған әртүрлі онлайн-сабақтар бар", - дейді Аяла.

Дарынды шәкірттің ұстазы Шамшырақ Қыдырбаеваның айтуынша, Аяла жетінші сынып оқып жүріп, 9-сыныптарға арналған олимпиададан жүлделі 3-орын алған.

"Отыз жылдан бері білім саласында жұмыс істеймін. Осы уақыт аралығында қаншама мықты шәкірттерді дайындап шығардық. Аяла секілді талантты шәкірттермен жұмыс жасау бала тәрбиелеуге жігер береді. Оның бойындағы өмірге деген құштарлық, жаңа нәрсені ұғынуға талпыну әр балаға үлгі болуы керек", - дейді Шамшырақ Қыдырбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900080-bes-tilde-erkin-soileitin-pavlodarlyq-oqusy-zaily-ne-bilemiz-video/