Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда интимдік қызмет көрсеткен тағы бір жезөкшелер үйі анықталды (видео)

Опубликовано:

Жезөкшелер
Видеодан кадр: Алматы ПД

Алматы полицейлері тағы бір жезөкшелер үйін анықтады деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, Медеу ауданында массаж салонының атын жамылып, интимдік қызмет көрсететін жезөкшелер үйі анықталған.

Мекемеде жұмыс істейтін қыздар массаж қызметінен басқа өз клиенттеріне қосымша жеке қызметтер көрсеткен.

"Әкімнің тұрғындармен кездесуінде аудан тұрғындары түнгі уақытта жұмыс істейтін жеке кеңсеге шағымданды. Жедел-алдын алу іс-шаралары барысында мекенжайдағы массаж салоны тексерілді.

Тұрғындардың күдігі дәлелденді. Мекемеде жезөкшелер үйі анықталды", - дейді Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Оның сөзінше, жеңіл жүрісті 11 қыз, әкімшілік өкілдер мен жұмысшылар аудандық басқармаға жеткізілген.

Қыздар арасында қазақстандық арулардан бөлек, көрші республикалардың азаматшалары болған. Ұсталғандардың бірі, 32 жастағы Ресей Федерациясының азаматшасы, ол бұрын Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотталған.

Барлық "жеңіл жүрісті" қыздарға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Сондай-ақ үйді жалға берген қожайын да Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапқа тартылмақ.

Еске салайық, осыған дейін Алматы маңындағы тұрғын үй кешенінде жалдамалы пәтерлерден үш жезөкше ұсталған еді. Қыздарға қатысты екі әкімшілік бап бойынша хаттамалар толтырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900143-almatyda-intimdik-qyzmet-korsetken-tagy-bir-zezokseler-uii-anyqtaldy-video/

pixel