RU

Алматы маңындағы тұрғын үй кешенінде жалдамалы пәтерлерден үш жезөкше ұсталды

Проституток задержали в Алматинской области
Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері Алматы облысында жезөкшелерді анықтау мақсатында рейдтік іс-шараларды жалғастыруда. 18 қаңтарда учаскелік инспекторлар "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің екі пәтерінде тұратын жеңіл жүрісті қыздарды ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларына жергілікті тұрғындардан 27, 32 және 33 жастағы үш жезөкше тұрғын үйдің екі пәтерінде тұратыны туралы хабарлама келіп түскен. Нәтижесінде жеңіл жүрісті қыздардың ақшаға интимдік қызмет көрсеткені анықталды.

Түркістан және Алматы облыстарының тумалары болып табылатын қыздарға қатысты екі әкімшілік бап бойынша хаттамалар толтырылды: "қоғамдық орындарда жабысу" және "тіркеусіз немесе жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру".

Жалға беруші де жеке тұлғаларды тіркеусіз тұруға рұқсат бергені үшін жауапқа тартылды.

Қарасай аудандық полиция басқармасының басшысы Болат Татыбаев бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті.

Ол пәтер иелерінен тұрғын үйді жалға беру кезінде сақ болуға шақырды.

Айта кетейік, притондарды ұйымдастырғаны немесе ұстағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894589-almaty-maynda-ornalaskan-trgyn-j-kesenindegi-zaldamaly-pterlerde-s-zezkse-staldy/