Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайлық әйел өз қызына 2 млн теңгеден астам ақша қарыз

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қостанай облысының тұрғыны өзінің 16 жастағы қызына 2 млн теңгеден астам ақша қарыз болып қалды. Қамауда отырудан қорыққан әйел алимент бойынша қарызын өтеу үшін тиісті соманы тауып берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасына сілтеме жасап.

Келіншек 2011 жылы ата-ана құқығынан айырылған. Сол кезде сот оны алимент төлеуге міндеттеп, баланы әжесінің қамқорлығына берген.

Бұл оқиғадан 10 жылдай уақыт өткен кезде, 2021 жылдың басында анасының алимент бойынша қарызы 2 246 298 теңге екені белгілі болыпты.

Борышкер-әйел Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 669 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 тәулікке дейін қамауда отыруы мүмкін еді. Алайда ол тиісті соманы тауып берген.

"Борышкердің жұмыс істемейтінін, ресми түрде еш жерге жұмысқа тұрмағанын айта кету керек. Алайда қамауда отырудан қорыққан әйел екі миллион теңгеден асатын соманы тауып берді", - дейді жеке сот орындаушылар палатасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, алимент төлеуден жалтарған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны бір жылға бас бостандығынан айырылғанын жазған едік.

Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан қаласында борышкер алимент бойынша қарызды төлеу үшін 35 миллион теңгенің элиталық коттеджін өз еркімен бере салғанын хабарлаған болатынбыз.

Жеке сот орындаушысының 2020 жылғы 17 тамыздағы қаулысына сәйкес, елорда тұрғынының қарызы 3 857 390 теңгені құраған.

Айта кетсек, осыған дейін қазақстандық азамат алимент бойынша қарызын төлемегені үшін 2 бөлмелі пәтері мен автокөлігінен айырылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900156-aliment-tolemegen-qostanailyq-aiel-oz-qyzyna-2-mln-tengeden-astam-aqsa-qaryz/

pixel