jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Жаңатастағы 5 баланың өлімі: Жанұяға екі миллион теңге көмек берілмек

Өрт сөндіруші
Көрнекі фото: NUR.KZ

"Birgemiz" қорының қамқоршылық кеңесі Жамбыл облысының Жаңатас қаласында өрт салдарынан 5 баласынан айырылған Әбдімәліковтер отбасына 2 миллион теңге беру шешімін қабылдады деп хабарлайды Қазақпарат.

"Қор атынан қаза тапқан балалардың ата-анасы мен жақындарына қайғы-қасіреттеріне ортақтасып көңіл айтамыз. Бұл, балалардың ата-анасы үшін де, біз үшін де орны толмас ауыр қаза. Әбдімәліковтер отбасының қайғыларын бөлісе отырып, біз материалдық көмек көрсетуге шешім қабылдадық", - деді қор төрағасы Руслан Сакеев.

Естеріңізге сала кетейік, "Birgemiz" қоры өткен жылдың наурыз айында Тұңғыш Президент, "Nur Otan" партиясының Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күрес жағдайында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін құрылған болатын.

Осы уақыт ішінде қор қаражатынан 655 мыңнан астам мұқтаж азамат 50 мың теңгеден алды.

Пандемия басталған кезеңде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы әлеуметтік әлсіз 100 мың отбасыға 5 млн маска таратылды. Сонымен қатар, қор есебінен Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы Мырзакент ауылында 32 үйдің құрылысы аяқталды.

Айта кетейік, өткен аптаның соңында Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен бір үйдің бас баласы көз жұмды.

ТЖД бастығы Ермек Момбаев өрт-техникалық зертхананы зерттеудің алдын ала деректерін жариялады. Ол тұрғын үйдің пәтеріндегі өрт оқиғасы тез тұтанғыш материалдың бетіне ашық от көзінің түсуі салдарынан туындағанын мәлімдеді.

"Өрт бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы үш бөлмелі пәтерде болды. От балалар бөлмесінде тұтанған. Жалын 16 шаршы метр аумақты қамтыды. Жылжымалы өрт-техникалық зертханамен зерттеу жүргізу кезінде оқиға орнында жанған сымдар мен электр жабдықтары, пеш немесе басқа да қосымша жылыту құралдары табылмады, үй орталық жылытуға қосылған", - деді ТЖД басшысы.

Жаңатастағы 5 баланың өлімі: Жанұяға екі миллион теңге көмек берілмек

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.