Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда тұрғыны алаяқ әйелге 400 мың теңгеге телефон алып берген

Жарияланған күні:

алаяқ әйел
Көрнекі фото: polisia.kz

Қызылордалық полицейлер жергілікті тұрғынның сеніміне кіріп, құны 400 мың теңге тұратын телефонды несиеге алғызған алаяқ әйелді ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 57 жастағы қала тұрғыны арызданған.

Жәбірленушінің айтуы бойынша, 2020 жылдың қазан айында белгісіз азаматша “10 миллион теңге көлемінде несие алып беремін” деп сеніміне кірген көрінеді. Осылайша, ол жәбірленушіге алдау жолымен “Актив” орталығынан “Айфон-11” маркалы ұялы телефонын несиеге алдыртып, 400 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Зардап шегуші көп ұзамай-ақ алаяқтың құрбанына айналғанын түсінген.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі бойынша (Алаяқтық) тіркелді.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасады күдікпен 44 жастағы азаматша ұсталды.

Қазіргі таңда күдікті өзінің іс-әрекеттерін толық мойындады. Тергеу амалдары жалғасуда.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ішкі істер министрлігі онлайн-брифинг кезінде Қазақстанда ең жиі жасалатын алаяқтық түрлері туралы айтқан болатын. Тізімде "банк өкілдерінен" түсетін қоңыраулар мен Instagram арқылы сату бар.

ІІМ алаяқтықты болдырмауға мүмкіндік беретін қауіпсіздік шараларын еске салды:

  • Дербес деректерді, карта реквизиттерін, аударымдар туралы квитанцияларды, кодтар мен код сөздерді ешкімге, тіпті өзін банк, полиция қызметкерлері ретінде таныстырғандарға да хабарлауға болмайды.
  • Дербес деректерді белгісіз әрі тексерілмеген сайттар мен басқа да дереккөздерге сеніп тапсыруға, тексеріссіз алғытөлем жасауға болмайды.
  • Күмәнді операциялар бойынша ақша аударымдарын жасамаңыз, айқын табыс көзі жоқ қаржылық схемалардан сақ болыңыз.
  • Қосымшаларды жүктеу үшін тек App Store мен Play Market-ті пайдаланыңыз.
  • Сізге төлем үшін жіберілген немесе СПАМ сілтемелерге өтпеңіз.
  • Есте сақтаңыз, төлем жасау үшін картаның 16 саны жеткілікті. CVV-код, код сөз, ЖСН және басқа да деректер қажет емес.
  • Кілтсөзді жиі өзгертіп, банк тарапынан ұсынылған 3D-қорғанысты және басқа да қауіпсіздік шараларын қолданыңыз.
  • Өз шотыңыздағы ақша аударымдарын жиі тексеріп отырыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900240-qyzylorda-turgyny-alayaq-aielge-400-myn-tengege-telefon-alyp-bergen/