Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да құны 17 млн теңгеден асатын киік мүйізін алып бара жатқандар ұсталды

Опубликовано:

киік мүйізі
Көрнекі фото: basnews.kz

Батыс Қазақстан облысының шекарашылары жүксалғышына 219 киіктің жаңа кесілген мүйізін алып бара жатқандарды ұстады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 2021 жылдың 20 ақпанында болған. Батыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері БҚО бойынша Экономикалық қылмыстарды тергеу департаменті және облыстық ПД Криминалды полиция басқармасымен бірлесіп, жүксалғышына 219 киіктің жаңа кесілген мүйіздері тиелген жеңіл автокөлікті ұстаған.

Ұсталған азамат көліктегі жүгімен бірге Орал қалалық полиция басқармасының Зачаган полиция бөліміне тапсырылды.

Тасымалдаушы - Қазақстан азаматына қатысты ҚР Заңы ҚК-нің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала есеп бойынша келтірілген шығын 17440000 теңгені құрайды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында Орал-Атырау тас жолында болған жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапқаны туралы хабарлаған едік.

Батыс Қазақстан облысының полициясы 22 ақпанда Орал-Атырау тас жолында, Тайпақ ауылының маңында жантүршігерлік апат болғанын атап өтті. Жолда Toyota мен Lada маркалы көліктері соқтығысқан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат орнында алты адам қайтыс болған, тағы біреуі Тайпақ ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жағдайы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900244-bqo-da-quny-17-mln-tengeden-asatyn-kiik-muiizin-alyp-bara-zatqandar-ustaldy/

pixel