Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады: Синоптиктер болжам жасады

Опубликовано:

ФОто
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда бүгін жел күшейіп, қар жауады, солтүстік өңірлерде боран соғады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Синоптиктер ұсынған ақпаратқа сәйкес, 23 ақпанда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы райы сақталады, кей жерлерде қар жауады, солтүстік-батыста және солтүстікте қалың қар жауады.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында күн райы ашық болуы мүмкін. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады, жел күшейеді, деп хабарлады мамандар.

Қостанай облысында жел 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді, күндіз екпіні 30 м/с-ден асып кетеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 жетеді, кей жерлерде күшейіп 23-28 м/с, тіпті 30 м/с асып кетеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 жетеді деп күтіліп отыр. Ауа райын болжаушылардың дерегінше, өңірдің оңтүстік-батысында жел күшейіп, 30 м/с-тан асады, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түнде Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с болады, күндіз жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал, Ақмола облысында тұман түсіп, Қызылорда облысында көктайғақ болуы мүмкін.

Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде екпіні 23 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, Маңғыстау облысында көқтайғақ болады, Батыс Қазақстан облысында тұман түседі.

Түркістан облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қарағанды облысында кей жерлерде жел 15-20 күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде жаяу боран соғады, тұман түсуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу боран соғады.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу боран соғуы мүмкін.

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900263-qazaqstanda-bugin-aua-raiy-qandai-bolady-sinoptikter-bolzam-zasady/

pixel