Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төрт санитарлық бекет қойылады: ШҚО бас санитар дәрігерінің қаулысы шықты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері міндетін атқарушы Хамит Илюбаевтың 2021 жылғы 19 ақпандағы №4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 22 ақпандағы №4-1 қаулысы шықты деп хабарлайды өңірдің санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Құжатта Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Хамит Илюбаевтың 2021 жылғы 19 ақпандағы № 4 қаулысына өзгерістер енгізу қажеттігі көрсетілген.

Атап айтқанда Үржар, Бородулиха, Шемонаиха, Зайсан аудандарының әкімдері, өңірдің денсаулық сақтау басқармасы, өңірдің мемлекеттік кірістер департаменті, өңірдің полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитарлық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы "Ауыл", "Уба", "Бақты", "Майқапшағай" (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары бойынша 1 бірліктен) өткізу пункттерінде 4 санитарлық бекеттің жұмыс істеуін қамтамасыз етуі керек.

Өңірдің бас дәрігері шығарған қаулы кеше, 22 ақпаннан бастап күшіне енді.

Құжаттың толық мәтінімен сілтемеге өтіп, танысуға болады.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрі орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында неліктен коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын емес, отандық вакцинаны салдыратынын түсіндірді.

Оның сөзінше, Қазақстанда вакциналауға жіберілген барлық екпелер тексерілген әрі қауіпсіз болып саналады.

"Өздеріңіз білесіздер, ресейлік "Спутник V" келді, Денсаулық сақтау министрлігі бойынша және өңірлердегі әріптестеріміз, сондай-ақ медициналық қызметкерлер вакцинаны салдырып жатыр. Бұл вакцина тиімді және қауіпсіз саналып отыр", - дейді министр.

Одан бөлек Страсбург университетінің молекулярлық биология және вирусология саласындағы PhD докторы, ғалым Әсел Мұсабекова коронавирусқа қарсы вакцинаның кейбір адамдарға не себепті көмектеспейтінін түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900266-sqo-da-tort-sanitarlyq-beket-qoiylady-onirdin-bas-sanitar-darigerinin-qaulysy-syqty/

pixel