Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар көбейді

Опубликовано:

Аурухана1
Көрнекі фото: pexels.com

Коронавирус белгілері бар пневмонияға қатысты статистикалық деректер жаңарды. Мәліметтер COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасында жарияланған.

21 ақпандағы мәлімет бойынша COVID-19 белгілері бар пневмония жұқытрудың 8 жағдайы тіркеліп, бір адам қайтыс болған. 202 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 48 991 ауру жұқтыру дерегі тіркелген. Оның 613-і өліммен аяқталып, 40 967 адам сауығып шыққан.

Сонымен бірге Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram арнасындағы мәліметке сүйенсек, өткен тәулікте 8 адам коронавирустан қайтыс болған.

"23 ақпандағы мәлімет бойынша, 20 780 адам коронавирус инфекциясынан (13 369 КВИ+ және 7 411 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 638 пациент стационарда, 16 097 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда", - дейді ведомство.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 245 адамның жағдайы ауыр;

• 55 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 48 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте 692 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған еді. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген.

Жалпы, пандемия басталғалы бері елімізде 208 809 адамнан коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған.

Айта кетсек, денсаулық сақтау вице-министрі әрі еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын салдырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900298-qazaqstanda-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-qaitys-bolgandar-kobeidi/

pixel