Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатты аяз күтіледі": Еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

ауа райы1
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК өкілдері бірнеше облыста дауылдық ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің кей аймақтарында бұрқасын, көктайғақ болып, жел күшеюі ықтимал.

Мәселен 24 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.

Қызылорда қаласында 24 ақпанда түнде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

24 ақпан Атырау облысының кей жерлерінде де бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, түнде кей жерлерде және күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

24 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде күші 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Облыстың солтүстік-шығысында 25-28 градусқа дейін өте қатты аяз күтіледі.

Ақтау қаласында 24 ақпанда бұрқасын, көктайғақ болып, солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

24 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде де бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде екпіні 15-20, күндіз 23 м/с дейін жетуі ықтимал.

Ақтөбе қаласында 24 ақпанда бұрқасын, екпіні 16 м/с дейін жететін жел күтіледі.

24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын, күндіз кей жерлерде көктайғақ күтіледі.

Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, 23 м/с жетуі ықтимал.

24 ақпанда Өскемен қаласында күндіз көктайғақ, жел күтіледі.

24 ақпанда Семей қаласында түнде бұрқасын, күндіз көктайғақ болып, сонымен қатар жел тұруы ықтимал.

24 ақпанда Батыс Қазақстан облысында да бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20, 23 м/с дейін жетуі мүмкін.

Орал қаласында да 24 ақпанда бұрқасын болып жел тұруы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900447-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel