Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Қазақстанның құрметті азаматы» атағына 2,5 мыңнан астам адам үміткер атанды

Опубликовано:

«Қазақстанның құрметті азаматы»
Фото: BI Group

Қазақстандықтар «Құрметті азамат» байқауына қатысуға 2,5 мыңнан астам үміткер ұсынды. BI Group құрылыс холдингі елімізде «Қазақстанның құрметті азаматы» жобасын жүргізіп жатқанын естеріңізге сала кетейік.

Жеңімпаздарға Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан пәтер сыйға беріледі. Байқау Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен құрылыс холдингінің 25 жылдығына орай Наурыз мейрамы қарсаңында өткізілетін болады. Ақпараттық серіктес - NUR.KZ сайты.

Кеше жобаның Инстаграм әлеуметтік желісінде үміткерлерді ұсыну бойынша бірінші кезеңі аяқталды. Әрбір қолданушы өзінің жазбасында #biгражданин және #biaзамат хэштегтерімен лайықты азаматты үміткер ретінде ұсына алады.

«Қазақстанның құрметті азаматы»
Фото: BI Group

Адамдардың ғажайып өмір жолы, жанқиярлық ерліктері, мейірімділік пен қаһармандық үлгілері. Бұлар біздің Отанымыздың түкпір-түкпірінен шыққан әртүрлі мамандық пен жастағы адамдар болса да, оларды басқалардың өмірін жақсарту ниеті біріктіреді.

«Біз осыншама өтінім қабылдаймыз деп ойлаған жоқпыз! Әртүрлі өмір тарихын оқығаннан кейін біздің азаматтардың қаншама жанқиярлық әрекеттерге баратыны таңғалдырды. Олардың көпшілігінің жасаған істері жоғары атақтар мен ордендерге әбден лайық, алайда бұл адамдар сыйлық үшін емес, жүректің бұйрығымен жұмыс істейді. Кейбір кейіпкерлеріміз жалдамалы пәтерлерде тұрады әрі табыстары да төмен. Бұлар, шын мәнінде, өз өмірлерін өзге адамдарға қызмет етуге арнаған адамдар», - деп атап өтті байқау ұйымдастырушылары.

Әділ қазылар алқасы - Қазақстандағы танымал қайырымдылық ұйымының өкілдері, ұсынылғандардың ішінен тек 10 үміткер кіретін қысқа тізімді анықтайды. Сарапшылар үміткерлердің өмір тарихымен танысып, 3 наурызға дейін өз таңдауларын жасайтын болады. Содан кейін үміткерлер жалпыхалықтық SMS-дауыс беруге жіберіледі. Ең жоғары дауыс жинаған екі жеңімпазды қазақстандықтардың өздері анықтайтын болады.

27 наурызда екі жеңімпазға Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан пәтерлер табысталады.

*Ақпарат BI Group қолдауымен дайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900614-qazaqstannyn-qurmetti-azamaty-atagyna-25-mynnan-astam-adam-umitker-atandy/

pixel