"Зираттан таптық": Бірнеше жерінен ине қадалған жас жұптың суреті елді шошытты (фото)
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде Алматы маңындағы зираттардан табылған екі жастың суреті таралуда. Жас жұптың фотосына бірнеше жерден ине қадалған. Facebook-тегі Елден хабар парақшасында жария болған сурет желі қолданушыларының пайымынша қарғыстың бір түрі болуы мүмкін деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Фотосуретті әжесінің зиратын тазалауға барған Алматы тұрғыны тауып алғанға ұқсайды. Ол суреттің Алматыдағы Әйгерім-1 шағын ауданында орналасқан зират аумағынан көргенін жазған.
"Демалыс күні әжеміздің зиратының маңайын жинастыруға барғанда осы суретті тауып алдық. Осы суретті парақшаңызға жариялап, көрсетуіңізді сұраймыз. Бәлкім бұл жұп ауырып жатқан шығар, мүмкін өміріне қауіп төніп тұрған шығар. Оларды сақтап қалайық. Адамдар қандай қатыгез, жауыз бо кеткен, ештеңеден қорықпайды. Бейіт Әйгерім-1 шағын ауданында, Боралдай тас жолының бойында орналасқан", - дейді белгісіз автор.
Желі қолданушылары бұл қарғысты кім жасауы мүмкін екенін өз бетінше болжауға кірісті.
"Сұмдық! Қарғыстаған! Бәлкім бұл жігіттің бұрынғы әйелі немесе дос қызы тіпті отбасының туыстары да болуы мүмкін!", - деп жазады желі қолданушысы.
"Олардың жағдайы жақсы болар деп үміттенемін, қатты қарғыстаған. Екі бірдей фотоны жүрегінен тескен!", -дейді тағы бір желі қолданушысы.
Пікір білдірушілер қарғыс біреуге жамандық тілеген адамның өзіне қайтатынын айтуда.
Желіде тараған фотодағы екі адамның әзірге кімдер екені белгісіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900635-zirattan-taptyk-birnese-zerinen-ine-kadalgan-zas-zpty-sureti-eldi-sosytty-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.