Тоқаев өзіне хат жазған павлодарлық бесінші сынып оқушысына сыйлық жіберді
Жарияланған күні:
Екі апта бұрын Ертіс ауданынан келген 10 жасар Мансұр Баймұса Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, шахмат пен ағылшын тіліне деген қызығушылығы туралы айтып берген болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жауабын оған Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов тапсырды.
"Айналайын Мансұр! Сенің хатыңды ықыласпен оқып шықтым. Маған жолдаған ақ тілегінді шынайы ризашылықпен қабылдадым.
Шахматпен айналысып, ағылшын тілін де меңгеріп жүрсің, жарайсың. Елімізде өзің сияқты зерек әрі үлгілі балалар болсын деп тілеймін. Келешекте өз ісінің маманы болып, отанымызға адал қызмет ететініне кәміл сенемін. Ата-анаңа менің сәлемімді жеткіз. Арманың әрдайым асқақ болсын, Мансұр.
Құрметпен, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев", - деп ол президенттің жауабын оқып берді.
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыйлаған шахмат Мансұрға тапсырылды.
Айта кетейік, күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізді.
Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Рахым Ошақбаевпен және Қанат Сахарияновпен кездескен. "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев мемлекет басшысына өзі басқарып отырған орталықтың жұмысы туралы айтты, сондай-ақ отандық аналитикалық орталықтарды дамыту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.
Бұдан бөлек президентке жаһандық компаниялармен арадағы ынтымақтастық негізінде инвестиция тарту жолдары, ақша-кредит саясатын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар таныстырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900639-toqaev-ozine-xat-zazgan-pavlodarlyq-besinsi-synyp-oqusysyna-syilyq-ziberdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.