Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде төбесі үгітіліп тұрған балабақша қызметкерлері көмек сұрады

Опубликовано:

Ақтөбедегі балабақша
Фото: NUR.KZ

Ақтөбеде бес жылдан бері әділдік іздеп жүрміз деген балабақша қызметкерлері тілшілерден көмек сұрады. Санаториялық типтегі "Жұлдыз" мектепке дейінгі мекеменің қызметкерлері жалақыларын даулап жүр. Айтуларынша, неше жылдан бері үстемақы төленбейді және балабақшадағы сырлау жұмыстары үшін өз қалталарынан ақша жұмсаған.

"Бізде балабақшада 100 адам жұмыс істейді. Бәрінің де өзіміз сияқты жалақылары аз. Мен 57- 58 мың теңге аламын. Өте аз төлеп отыр. Негізі жалақы100 мың теңгенің үстінде төленуі керек. Балабақшаға жөнді жөндеу жұмыстары жасалған емес.

Тек дәлізді ғана әктейді. Бояу бермейді. Бояуды өз ақшамызға аламыз. Менің талабым – біздің жалақымызды дұрыстап берсін, балалардың тамағын дұрыстасын. Балабақшаға жөндеу жасасын", -дейді санаторлық типтегі ясли-балабақшасы тәрбиешінің көмекшісі Гүлмира Серікқызы.

Ақтөбедегі балабақша
Фото: NUR.KZ

Балабақша қызметкерлері едені қырық-жамау болған орталықтың жағдайын видеоға түсіріп жіберді.

"Біз балабақшадағы екі адам болып 5 жылдан бері жалақы мәселесін көтеріп жүрміз. Бізге ешкім қосылмайды, қорқады. Жалақымыз аз. Сұрасақ, сендердің сағаттарың жетпейді дейді. Біздің сағатымыз неге жетпейді? Біз кешкі сағат алтыда кіргеннен ертеңгі сағат 8-де шығамыз. Күніге 12 емес, 14 сағат жұмыс істейміз",- дейді ясли-балабақшасы тәрбиешінің көмекшісі Светлана Нұрғалиева.

Айлықтарын даулаған балабақша қызметкерлері үстемақының төленуін, мәселенің шешілуін сұрайды. Ал қалалық білім бөлімі жалақы мәселесінде заң бұзушылық болмағанына сенімді. Қалалық білім бөлімі мамандары шағымы барлар білім бөліміне келуін сұрады.

"Балабақшада әр педагогтың еңбекақысы заңнамаға сәйкес төленіп тұр. Бояу қызметкерлер ақшасына сатып алады деген ақпарат шындыққа сәйкес емес. Үстемақыға байланысты айтар болсақ, «Жұлдыз» балабақшасында түнгі кезең де жұмыс жасайтын балабақша. Бірақ, қазіргі таңда бұл балабақшада түнгі кезеңде қалатын бала жоқ. Сондықтан, педагогтердің үстемақы төлеу жүргізілуі алдағы уақытта тағы да қарап, нақтылатын болады",-дейді қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жұлдыз Шалабаева.

Ақтөбедегі санаторлық типтегі Жұлдыз ясли-балабақшасы 11 топқа, 320 орынға арналған. Қазір онда 81 бала барып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900659-aktbede-tbesi-gitilip-trgan-balabaksa-kyzmetkerleri-kmek-srady/

pixel