Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда мейрамханадағы тойда жүрген судья жауапқа тартылатын болды

Опубликовано:

Судья
Естай Исабеков. Фото: youtube.com

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов ОҚК өткен онлайн брифингте жоғары лауазымды шенеуніктердің карантин режимін бұзуына қатысты пікір білдірді. Атап айтқанда, анасының мерейтойын атап өткен қарағандылық судья жөнінде сөз қозғалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері Қарағанды облыстық соты судьясының ағасы карантин кезеңінде той жасағаны үшін жауапқа тартылғанын айтты.

"Егер осындай жағдайлар болып жатса, адамдар шектеу шараларын қалай ұстанады?", - дейді журналистер.

Өз кезегінде Ерлан Қиясов аталған факті бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Тәртіп бұзушы Қазақстанның барлық азаматы үшін қарастырылған жауапкершілікке тартылады", - дейді ол.

Оның сөзінше, мұндай жағдайлар адамдардың көңіл-күйіне теріс әсер етеді.

"Біз әрбір осындай жағдай бойынша барлық тиісті шараларды қабылдайтын боламыз. Жалпы алғанда, мен тәртіп бұзушыларды жоғары лауазымды не қарапайым азаматтар деп бөлмеймін. Бірақ мұның жағымсыз реакция туындататынын түсінемін. Біз де бұл фактіге ашуландық. Керісінше, мұндай адамдар үлгі болуы керек", - дейді ол.

Айта кетейік, осыған дейін желіде Қарағандыдағы мейрамханада түсірілген видео тараған еді. Онда судья Естай Исабековтің мобильді топ өкілдерімен сөйлесіп тұрған сәті таспаланған.

Кейінірек, анасының туған күнін ұйымдастырған Естай Исабековтің ағасы мен мейрамхана иесі жауапқа тартылған болатын.

Сол сәтте көрші залда отырған экс-прокурорға да айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900683-karagandyda-mejramhanadagy-tojda-zrgen-suda-zauapka-tartylatyn-boldy/

pixel