Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұз тұрғыны жұрттың көзінше ер адамды атып өлтірді: Оқиғаның мән-жайы

Жарияланған күні:

Қару
Көрнекі фото: pixabay.com

Полиция Екібастұзда өтіп бара жатқан адамдардың көзінше кісі өлтіру оқиғасының мән-жайын анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Павлодар облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылы 23 ақпанда, сағат 08.10-да Екібастұз қаласының Сәтпаев көшесіндегі үйдің ауласында қаскөй мылтықтан оқ атып, жәбірленуші ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған.

Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша тергеу жүріп жатыр. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген 65 жастағы ер адамды ұстады.

"Кісі өлтіруге түрткі болған жәбірленуші мен күдіктінің арасындағы тұрмыстық және жұмыс жөніндегі жанжалдарға байланысты ежелден келе жатқан дұшпандық қарым-қатынас бар екендігі анықталды", – деді Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Күдікті Екібастұздағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс жасалғандағы қару тәркіленіп, сараптама тағайындалған. Оған қоса, бұған дейін қылмыстық-атқару кодексінің 201 бабына сәйкес басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтыны айтылған еді.

Еске салайық, кісі өлтіру сәті бақылау камерасына түсіп қалған. Видео әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын.

Сол жерде "KEGOC" АҚ-да бірнеше жыл жұмыс істеген 60 жастағы Жанат Мақсұтов қайтыс болды. Әріптестер болған жайтқа таңғалып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900731-ekibastuz-turgyny-zurttyn-kozinse-er-adamdy-atyp-oltirdi-oqiganyn-man-zaiy/