RU

"Хайп үшін халықты шулатады": Тоқаев вакцинацияға қарсылық танытатындар жайлы

Вакцина салдыру
Көрнекі фото: Pete Bannan/MediaNews Group/Daily Local News via Getty Images

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Қазақстан президенті кейбір тұлғалар хайп үшін қазақстандықтарды популистік мәлімдемелермен шулатып жүргенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы олардың қатарына вакцинацияға қарсылық танытатындарды қосты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Өкінішке қарай, бүгінгі күні қоғамдық талқы сапасының деңгейі төмендегеніне куә болып отырмыз. Кейбір адамдар ешқандай негізі жоқ әрі ашық популистік мәлімдемелерімен хайп үшін халықты шулатып, адастырып жатқан жағдайлар сирек емес.

Жарқын мысал – антиваксерлердің ашық деструктивті ұстанымы. Әлеуметтік маңызы бар түрлі мәселелердегі көзқарастардың келіспеушілігі және көзқарастардың біржақты болуы алаңдатады", – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, бұл бір-біріне деген сенімсіздік жағдайын тудырады және ұлттың алға басуына кедергі келтіреді.

"Мұндай жағымсыз көріністер басымдыққа ие болатын тенденцияға айналуына жол берілмеуі керек. Сөздер мен іс-әрекеттердің салдарын түсіну маңызды", – деп қосты мемлекет басшысы.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында кез келген қиындыққа дайын болуымыз керектігін айтты. Оған қоса, еліміздің болашақтағы даму жолы осы сыннан сүрінбей өтуімізге байланысты екендігін еске салды.

"Бүгінгі отырыста ауқымды әрі маңызды мәселелерді талқыладық. Елімізді жүйелі реформалауға қажетті нақты шараларды айқындадық. Тиісті шешімдерді қабылдадық", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900794-xaip-usin-xalyqty-sulatyp-zatyr-toqaev-vakcinaciyaga-qarsylyq-tanytatyndar-zaily/